Жасөспірімдер жарап тұр

(0 Votes)

Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жағымды жаңалықтары толастар емес.

Аталмыш спорт мектебінің шәкірттері көршілес Маңғыстау облысынан олжалы оралды. Ақтау қаласында Маңғыстау футбол лигасы федерациясының ұйымдастыруымен өткен 2008-2009 жылғы жасөспірімдер арасындағы батыс аймақтық кіші аяқ доп турнирінде "Мақат БЖСМ" командасы жүлделі үшінші орынға ілікті.

Сондай-ақ, команданың белді ойыншысы Ербол Расул жарыстың үздік сұрмергені атанды. Сегіз команда бақ сынаған дүбірлі додаданың жартылай финалында жергілікті командамен тең ойнаған жерлестеріміз, пенальти сериясында сүрініп қалды. Десе де үшінші орын үшін {jcomments on}өткен тартысты ойында тағы бір ақтаулық командадан айласын асырып, кеткен есенің орнын толтыра білді.

2c94adfb-82fe-4e67-8f4b-bf55ce537507

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT