Ерасыл ауыр атлетикадан аудан тарихын жаңартты

(0 Votes)

Аудан тарихында алғаш рет ауыр атлетикадан ел чемпионатында қоржынымыз қола медальмен толықты.

Қызылорда қаласында өткен байрақты бәсекеде кіші жасөспірімдер арасында 37 келі салмақта өнер көрсеткен Ерасыл Қосмурзиев үздік үштікті түйіндеп қола жүлдегер атанды. Ауыр атлетикадан алғашқы болып нәтиже көрсеткен Ерасыл Мақат балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өзінің туған ағасы Әмір Қосмурзиевтің қол астында жаттығады. Спорттың дәл осы түрі бойынша үйірме тек біздің ауданда ғана бар екенін ескерсек, шәкірттеріміздің бұдан да биік дәрежеде өнер көрсететініне нық сеніммен қарауға болатындай. "Бұл үйірмеге облыстық спорт басқармасының өкілдері қызығып кетті. Алдағы уақытта ауданымыздан Әлем чемпиондарымен Азия чемпиондары шығады деген үміттеміз",- дейді аталмыш спорт мектебінің басшысы А.Джугинисов.

А.САДЫҚОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT