13 жүк көлігі заң бұзды

(0 Votes)

Облыс аумағындағы тас жолдардың сапасын ұдайы қадағалау мақсатында жаз бойы ауыр жүк көліктерін тексеру жұмыстары жүргізілді. Кезекті тексеріс «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» республикалық тас жолының «Атырау-Доссор» аралығында ұйымдастырылды.

Бұл мониторингке «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының директоры, Атырау көлік прокурорының орынбасары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті қызметкері, «Қазавтожол» АҚ АОФ директорының орынбасары және «Атырау адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Мониторингтік тексеру барысында 13 заңбұзушылық анықталды. Екі автокөлік ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 571-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, бір автокөлік ені 2,80 метр болатын жүк тасымалдағаны да анықталды. Стандартқа сәйкес, тас жолдағы жүктің ені 2,55 метрден аспау керек. Тексеріс барысында тиеген жүктерінің арнайы рұқсат қағазы жоқ көлік иелері де кездесті.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36. makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

Әлеуметтік желілеріміз