Ауданымызда спорттың №1 түріне елдің ықыласы ерекше. Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жастарымыз өздерінің араларында бірнеше лига ұйымдастарып, қала берді бір күндік турнирлерді өткізуді дәстүрге айналдырды. Мақаттық өрендер қазіргі таңда облыстың футзал клубында өнер көрсете жүріп, жүлдегер атанып та үлгерді.
Аптаның бейсенбісінде «Атырау» футбол клубы мен басшылығының аудан орталығына жасаған сапары болашақ Роналду мен Мессилерді бір қуантып тастады. Футбол клубының директоры Қонысбай Шпанов бастап келген делегацияның негізгі мақсаты жергілікті жасөспірімдерге аяқдоптан шеберлік сағатын өткізу еді. Мақаттық жас футболшылар бергісі Қазақстан, арғысы сербиялық болып табылатын кәсіби бапкерлерден аз уақыттың ішінде өздерінің сүйікті спорттарының қыр-сырын біле түсті. Жаттығудың жаңа түрлерімен танысып, шеберліктерін шыңдау жолында қажет болатын кеңестер алды. Атыраудан ат арытқан қонақтар құр қол келмей 25 балаға футбол формасы мен секцияға бірқатар доптарды сыйға тартты. Бізде Еуропадағыдай кәсіби клубатар әр ойын сайын жанкүйерлерге жейде лақтыратын үрдіс жоқ. Сондықтан балалардың жүзінен берілген сыйға шынайы қуанғандары байқалып тұрды.
Қонақтарды қарсы алған аудан әкімінің орынбасары Оксана Айқашева балаларға қарата: «Айналысып жүрген спорттарыңызды тастамаңыздар. Сіздерге жергілікті атқарушы орган қолдан келген көмектерін аямайды. Қынжылтатыны стадионның жоқтығы шығар. Бірақ демеушліер табылса оны да салу жоспарда бар. Әрбір үлкен белеске жету үшін міндетті түрде қиыншылықтан өту керек. Сіздерге тек жеңіс тілеймін!», - дей келе ауданымызға арнайы келген Қонысбай Әдиұлына аудан әкімінің алғыс хатын берді. «Атырау» футбол клубының директоры өз кезегінде аталған шараны ұйымдастырған аудан әкімдігіне ризашылығын айта кетіп: « Мақсатымыз Атырау футболын әлемдік деңгейге көтеру. Біздің жүйемізде облыс орталығы мен 6 ауданды қосқанда 720 бала жаттығады. Спорт интернатының жоқтығы ауыл жастарын іріктеп алуымызға қолбайлау болып тұр. Қыс бойы үзбей дайындалу үшін спорттық манеж де керек-ақ. Бірақ биылдан бастап аудандарды шеберлік сағаттарымен тұрақты түрде аралайтын боламыз», - деді.
- «Атырау» футбол клубының маусым ортасындағы көздеген межесі қандай?
- Қазір 7-ші орындамыз. Жыл соңына дейін 4-ші орынға көтеріліп, Еурокубокқа жолдама алу жоспарда бар.
- Өңірімізде шағын футбол клубының құрылуы бюджеттеріңізге әсер етті ме?
- Жоқ.
- Шағын футбол клубымыздың қатарынан жергілікті жастарды, соның ішінде мақаттықтарды. Ал сіздерде осы тұрғыдан жағдай қалай?
- Біздің құрамдағы 27 футболшының 14-і атыраудың тумалары.
- 11 қыркүйек күні «Атырау» мен «Тұран» командалары арасында өтетін кездесуге жанкүйерлер кіре ала ма?
- Ол жағы әзірге белгісіз, СЭС-тің жауабын күтудеміз.
Ауданымызда қазіргіден де көп чемпиондар шығар еді ау, үлкен алаңның жоқтығы мен спорт мектебінің тарлығы болмағанда. Ал гимназя мен лицей қаптаған, қала берді өнер академиясы бар облысымыздың бас қаласында спорт интернатының жоқтығы сын. Себебі қазір доп ойнаған озатын заман.
А. Есжан