Атырау орталық “Иманғали” мешітінің наиб имамы Ерболат Боханов және ұстазы Олжас Скаков Мақат ауданына жұмыс сапарымен барды.
Сапар аясында ұстаздар Мақат орталық мешітінде жергілікті жамағатпен жүздесіп, ауызбіршілік бағытында уағыз-насихат айтты.
“Қазақта “Бірлігі бар ел озады” деген сөз бар. Расымен де, төртеуі түгел болса, төбедегі келеді. Ислам дінінің түпкі мақсаты да – адамдарды татулықта, бейбітшілікте жұмылдыру. Біз барлық ізгі мақсаттарға бірлігіміз арқылы ғана жетеміз” деп атап өтті ұстаз Ерболат Боханов.