Жас боксшылар – жеңіс тұғырында

(0 Votes)

Қаңтар айының 31-і мен ақпан айының 4-і аралығында Атырау қаласында 2008-2009 жылы туылған кіші-жасөспірімдер арасындағы бокстан Оңтүстік-Батыс аймақтық Қазақстан чемпионаты алдындағы іріктеу облыс біріншілігі өткен болатын.

Дүбірлі додаға Мақат балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 8 боксшысы қатысып қайтқан болатын. Бокс жаттықтырушылар Парасат Құлмұханов және Нұрсейіт Аюпов бастап барған былғары қолғап шеберлері іріктеуден олжалы оралды. Жалпы саны 7 медальді қанжығаға байлап, ел біріншілігіне 4 жолдама жеңіп алды.
Атап айтсақ, 40 келі салмақта Ерлан Қайырғожа, 42 келі салмақта Нұрмұхаммед Алдаберген, 56 келі салмақта Исламбек Беркінғали, 58 келі салмақта Тамерлан Қожамұрат І орынға ие болса, 34 келі салмақта Әлихан Қанатұлы ІІ орыннан көрінді. Ал 36 келі салмақта Шыңғыс Асылбекұлы, 60 келі салмақта Мадияр Серікұлы ІІІ орынды місе тұтты.


Жеңімпаз спортшылар наурыз айында Тараз қаласында өтетін Онтүстік-Батыс аймақтық Қазақстан чемпионатында Атырау облысының намысын қорғайтын болады.


Білікті жас бапкерлер Н.Аюпов, П.Құлмұханов, А.Қобдабаев, Қ.Сапенов мектебінен тәлім алып жүрген жас спортшылар келешектің кемел екенін тағы бір дәлелдеді.


Сондай-ақ, аталмыш сайыста Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Мансұр Азаматұлы да -80 келі салмақта қарсылас шақ келтірмей, чемпион атанды. Бапкері Сәндібек Сақтанов республикалық сайысқа жолдама алған шәкіртін мақтаныш етеді.

aaaa

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521