Доссорлық өнерпаздардың еңбектері еленді

(0 Votes)

Биылғы жыл Доссор мәдениет үйі үшін керемет жаңалықпен басталды.

Жуырда Алматы қаласында «Үздік педагог-2022» Республикалық педагогтар мен тәрбиешілер арасындағы арасындағы ғылыми —әдістемелік және өнер байқауы өткен болатын. Ол байқауға қатысқан Доссор мәдениет үйінің 4 қызметкері де жақсы нәтижеге қол жеткізді. Атап айтар болсақ: "Эстрадалық вокал"  жанры бойынша музыкалық жетекші Данияр Еримов, "Мәнерлеп оқу шеберлілігі" жанры бойынша әртіс Айнагүл Абилкасова, "Мың бір мақал" жанры бойынша әдістемеші Гүлжан Бисаханова және "Хореография" жанры бойынша хореограф  Айнұр Садуақасова топты жарып 1 орын иегерлері атанды.

Сондай-ақ, ұжым қызметкерлеріне қолдау білдіріп, сенім артқаны үшін Доссор мәдениет үйі басшысының у. м. а.  Ризагүл Кабдикаримова арнайы «Алхыс хатпен» марапатталды.

Еңбек жолдарында талай белеске шығып, халықтың құрметіне бөленіп, талантты шәкірттерді тәрбиелеп жүрген педагогтарға шығармашылық табыс тілейміз!

                                                                                                                        А. Есжан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521