Сайлау – еркін таңдау кепілі

(0 Votes)

Будапеште 2005 жылы 14-17 қыркүйекте өткен сайлау ұйымдастырушылардың Бас конференциясында Дүниежүзілік сайлау күнін белгілеу туралы шешім қабылдап, ол жыл сайынғы ақпан айының алғашқы бейсенбі күні болып бекітілді. Дүниежүзілік сайлау күнін өткізудің басты міндеттері қоғам санасында демократияландыру процесін бекіту, сайлау процесіндегі жетістіктер туралы жұртшылықты хабардар ету және жас сайлаушылыр арасында демократиялық құндылықтарға бейімділікті қалыптастыру.


Дүниежүзілік сайлау күні қарсаңында Мақат аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Х.Санбаев атындағы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары арасында «Сайлау және сайлану Конституциялық құқық» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Шара барысында оқушыларға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өздерін толғандырып жүрген сайлау туралы сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.


Сондай-ақ, бұл күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының бастамасымен Атырау облысының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларында «Ашық есік күндері» өтті.

whatsapp-image-2022-02-08-at-07_44_37

Р.МАҚСОТОВ,
аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521