Жалын атқан – жас орындаушылар!

(0 Votes)

«Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжінің ұйымдастыруымен наурыз айының 30-31 күндері "ҚР білім беру ісінің үздігі", домбырашы, дирижёр Боздақ Рзаханов атындағы VIII облыстық жас орындаушылар сайысы өтті. Аталмыш байқауда Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары ерекше өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.


Атап айтсақ, домбыра аспабы бойынша үздік өнер көрсеткен Әділет Естаев (кіші топ) І орынға ие болды. Жетекшісі Шолпан Жылқышиева болса, концертмейстер - Гүлнар Әжікенова. Бұл аспап бойынша үлкен топта өнер көрсеткен Ерасыл Мағзом да І орынмен марапатталды. Жетекшісі Айгүл Дюсенгалиева, концертмейстер – Сауле Есенғалиева.


Баян аспабы бойынша кіші топта өнер көрсеткен Аманбек Естаев ІІ орын, Зайнабеддин Сағындық ІІІ орын, орта топ бойынша Нұрбибі Сағындық І орын, Жангүл Қазиқызы дипломант атанса, үлкен топта Әлихан Сәтбай ІІІ орыннан көрінді. Жас баяншылардың жетекшісі Мейрамбек Ғинаятов.
Қобыз аспабы бойынша кіші топта өнер көрсеткен Нұрсезім Тасболатқызы, Қарақат Тасболатқызы арнайы «Үкілі Үміт» дипломдарымен марапатталды. Жетекшісі Гауhар Қазиханова болса, концертмейстер - Айсұлу Құлымбетова.


Лауреат дайындаған ұстаздар да арнайы Алғыс хатпен марапатталды. Жас ұрпақты өнер жолына баулуда, Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің ұжымы әліде тынбай еңбектене береді.


Ғ.Болатқызы
Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT