27-30 наурыз аралығында Атырау қаласында "Көктемгі демалыс" жүлдесіне арналған бокстан ашық біріншілік өтті. 2007-2008, 2009-2010, 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы былғары қолғап шеберлері жарысында доссорлық балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ұл-қыздары олжалы оралды. Байрақты бәсекеге аттанған 15 спортшының төртеуі жүлделі орындарға ие болды.
Атап айтсақ, ұлдардан 44 келі салмақ дәрежесінде Азамат Нұрадин екінші орынды иеленсе, 36 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мейірлан Русланұлы үздік үштікті түйіндеп қанжығасы қола медальмен майланды. Мұнайлы мекеннің намысын қорғаған бұрымды боксшыларымыз да бұйыртқан жүлдені қоржынға салды. Мәселен 48 келі салмақта Гүлсімай Сиых қола жүлдені қанағат тұтса, Құндыз Сәрсенбай ақтық сында ғана қарсыласына жол беріп күміспен күптелді. Аудан мерейін үстем еткен барлық жүлдегерлер мен олардың бапкерлерін бұдан да биік шыңдардан көреміз деген үміттеміз.
А.САДЫКОВ