Жаңа монеталар айналымға шықты

(0 Votes)

Ұлттық Банкінің Атырау филиалының өкілдері аудан тұрғындарымен жиын өткізді. Оған Банктің Атырау облыстық филиалының бас мамандары А.Нұртекешова, Е.Ақтанбаев, Н.Ажигалиев және «Қазпошта» АҚ-ы Атырау филиалының сату секторының басшысы Ж.Кенжекова қатысты.

i

Биыл 26 сәуірде жаңа үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 1,2,5,10,20,50 және 100 теңгелік монеталары айналысқа шығарылды. Ондағы «Қазақстан» сөзі латын графикасының әліпбиіне «QAZAQSTAN» деп өзгертілді. Айналыстағы монеталардың сырт жағында «QAZAQSTAN» деген сөзі бар Елтаңба бейнеленген, сондай-ақ шығарған елді білдіретін «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY» деген жазу бар.

Биылғы жылы жаңа үлгідегі дизайны өзгертілген номиналдық құны 100 теңгелік айналыстағы монеталардың қырында «JÚZ TEŃGE» деген жазу бар. Ескі және жаңа үлгідегі айналыстағы монеталар заңды төлем құралы болып табылады және барлық төлем түрлері бойынша қабылдануға міндетті,- деді Атырау филиалының бас маманы А.Нұртекешова.

Сондай-ақ, алтын құймалар туралы, алтынның құны, несие алудағы келісім-шарттар жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Қазпошта» АҚ сату секторының басшысы Ж.Кенжекова биылғы жылдың 1 маусымынан баста post.kz сайтында енгізілетін өзгерістер туралы бейнеролик арқылы көрсетіп, бөлімде көрсетілетін қызметтерге тоқталды.

Қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар алынды.

А.ТАУМҰРЫНОВА,

сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521