Зұлмат жылдар қасіреті ұмытылмайды

(0 Votes)

Елімізде 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын» еске алу азалы күні болып аталып келеді. Осы ретте Доссор кентінде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған митинг ұйымдастырылды.

d

Рәсім кенттегі осы зұлмат заманда жапа шеккен жандардың құрметіне қойылған ескерткіштің маңында өтті. Аудан мекемелері мен ұйымдар қызметкерлері, ардагерлер, қуғын-сүргін құрбанының ұрпақтары және аудан тұрғындары қатысты. Шара қатысушылары алдымен зұлмат жылдары жазықсыз жапа шеккен құрбандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Доссор орталық мешітінің бас имамы Елдос Мүсілімұлы зұлмат жылдардың қиындығы мен ауыртпалығының дәмін татқан ата-бабалар рухына құран бағыштады.

Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Мұратұлы және аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Сүлейменұлы өз сөздерінде осы қанқұйлы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпай, оларды мәңгі есте сақтау біздің ендігі жердегі борышымызға айналғандығын айтты.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары атынан Татьяна Гейт сөз сөйлеп, зұлматты жылдарды есте ұстау жөнінде өз ойларымен бөлісіп, келер ұрпақтың бақытты болуын тіледі.

Жиын соңы митингке қатысушылардың гүл шоқтарын қою рәсімімен аяқталды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521