Өнегелі отбасынан үлгілі ұрпақ өседі

(0 Votes)

Аудандық мәдениет үйінде ішкі саясат бөлімі мен мәдениет, тілдерді дамыту дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық деңгейдегі байқауы өтті.

i

Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Алтын алқа» және «Күміс алқамен» наградталған көп балалы аналарды аудан әкімінің орынбасары Н.Мұратұлы құттықтап, алқаларын табыс етті. «Мерейлі отбасы» конкурсы аудандық деңгейде алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

i

i

i

Бұл байқауға Мақат кентінен Жулимановтар, Жанайсовтар, Саюповтар отбасылары, Доссор кентінен Иманғалиевтар, Қошқарбаевтар, Нұрғалиевтар, Бәйгетөбе ауылдық округінен Алиевтар отбасы қатысты.

i

i

i

Сахна төріне көтерілген Жулимановтар, Иманғалиевтар және Қошқарбаевтар отбасыларын аудан әкімінің орынбасары Н.Ерғалиев аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықпен марапаттады. Сахнаға аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Е.Жоламанов көтеріліп, Жанайсовтар және Алиевтар отбасын марапаттады.

Саюповтар және Нұрғалиевтар отбасыларын аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов марапаттап, ізгі тілегін білдірді. Конкурсқа қатысушыларға ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар ұсынылды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

суреттерді түсірген:А.САДЫҚОВ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521