Жүлденің бәрі – батыр атындығы мектепте

(0 Votes)

Мектеп оқушыларының көктемгі демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында тоғызқұмалақтан аудандық жарыс өткен болатын. Балалар жылына арналған спорттық шара Л.Шахатов атындағы орта мектебінде ұйымдастырылды. Досттық қарым-қатынасты нығайту мен тоғызқұмалақ ойынын насихаттауды мақсат еткен жарысқа әр мектептен 8, 10, 12 жас айырмашылығы бойынша 1 ұл және 1 қыз оқушыдан қатысты.


Халқымыздың біртуар ойшылы Абай атамыз айтқандай, «ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» Демек, баланың дамуында ойынның орны ерекше. Ал, тоғызқұмалақ – терең ойды талап ететін ойын түрі.


Оқушылардың логикалық қабілетін шыңдаған зияткерлік ойын нәтижесінде 8 жас аралығы бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары Абдурашид Жанболат пен Айсана Алмасқызы І орын және Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Нұрхан Есенгелді мен Зада Салимова ІІ орынға ие болды. Ал, 10 жас аралығы бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары Сырым Мизам мен Інжу Жұмажан І орын және Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушылары Әлихан Маликов пен Ақниет Жақсылыққызы ІІ орынға жайғасты. Сондай-ақ, 12 жас аралығы бойынша М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Дидар Берікұлы І орын, Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің оқушысы Саламат Дәулет ІІ орын, Л.Шахатов атындағы орта мектебінің оқушысы Шыңғыс Ғалымжан мен М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушысы Ахмет Жанболат ІІІ орынмен марапатталды.


Осылайша қай жас айырмашылығы болмасын өздерінің мықтылығын дәлелдеген М.Баймұханов атындағы орта мектебінің оқушылары облыстық кезеңге жолдама алды.


Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын қатарында келеді. Ұлттық ойынды насихаттап, жұртшылыққа таныстырған бұл ойынның берері мол болды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT