Атырау қаласында «Nomad MMA» жауынгерлік өнерінің облыстық чемпионаты өткен болатын. Чемпионатқа Доссор балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқушылары қатысып, жеңіс тұғырынан көріне білді. Нәтижесінде, жерлесіміз Ақтілек Саясат алтын медалді қанжығасына байлап, аудан мерейін асқақтатып қайтты.
Сонымен қатар, 23-25 наурыз аралығында Атырау қаласында мектеп оқушыларының облыстық XI жазғы гимназиядасында карате-додан аталмыш спорт мектебінің оқушылары тағы да олжамен оралды. Атап айтсақ, Ақтілек Саясат 2 орынды, Байболат Дініш 3 орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Осы тұста споршыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуіне бар күшін салған спорт жаттықтырушысы Айдана Сағатқызының еңбегі зор екенін айтып кеткеніміз жөн.
Ендеше, байрақты бәсекелерде ауданымыздың атын шығарып жүрген жас споршыларымызға жеңісті күндеріңіз көп болсын дейміз.
Ә.ҚАСЫМ