Зерделі жасқа арналды

(0 Votes)

Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде "Зейін" шахмат клубы құрылды. Оқушылардың ақыл-ойын, математикалық қабілетін дамытып, зейінін жинақтап, қиындықты жеңе білуге бағыттайтын клубтың  салтанатпен ашылуына қоғамдық кеңес төрағасы Е.Жоламанов, аудандық  білім беру бөлімінің әдіскері Е.Құлтаев қатысты.

Ғалымжан Нарымбаев жетекшілік ететін клубтың жұмысына қонақтар мен мектеп басшысы Бақыткүл Тиышбаева сәттілік тіледі.

img_7060

Шахматқа арналған бұрыштың өзі алыстан көз тартады. Дәліздегі көз қызығарлық көрініске куә үлкені де, кішісі де ашыла салысымен ойынды да қыздырып кеп жіберді. Өтініш білдірген клубтың 20 мүшесіне  арнайы куәліктер табыс етілді.

img_7066

"Зейіннің" салтанатты ашылуында зейініміз тағы бірер ақпаратпен толықты. Кештің жүргізушісі қабырғадағы  кітап мұқабасының текке тұрмағанын түсіндіріп, толық ақпарат бере кетті: «Біздің мектебімізде мобильді smart кітапхана жұмысын басталысымен,QR-код стенд орнатылған.

img_7102

Мектеп қызметкерлері еріктілер жылында өз еріктерімен мектептің көркейіп гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Енді оқушылар мен оқырмандар қазақ, ресей және шетел әдебиетінің 27 шығармасын смартфон арқылы оқи алады. Бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Тақтайшадағы кітаптардың төменгі тұсында штрих-код орналасқан. Әуелі смартфоныңызға QR-сканер қосымшасын жүктеп алып, қосымшадағы сканер батырмасына басасыз. Одан кейін өзіңіз оқығыңыз келген жинақтың төменгі тұсында орналасқан штрих-кодқа алып барсаңыз, бірнеше секунд ішінде кітаптың электронды нұсқасын жүктеуіңізді сұрайды. Кітапты телефон жадына сақтау арқылы оны кез келген уақытта оқуға мүмкіндік аласыз. Айта кетейік, стендтегі кітаптар тізімінен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы»,Сәкен Сейфуллиннің «Тар жол тайғақ кешу»,Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым-Қожа» сынды еңбектері мен басқа да ақын-жазушылардың шығармашылығымен танысуға болады."

img_7124

Сондай-ақ, кеш қонақтарының назарына «Үздіктер тақтасы» сағаты ұсынылды. Сағатта "алтын ұяның"  мақтаныштары - алтын белгі мен үздік аттестат иегерлері орналастырылған.

img_7113

Сондай-ақ, осы дәлізде оқушылардың кәсіпқойлардың түсірген бейнебаянына жасаған пародиясын тамашалауға болады. "Қазақстан балалары шексіз әлемде!" кино шығармашылығының облыстық фестивалінде  жүлделі оралған Нариман Оңайбаев  пен  Азамат Мұратовтың  шығармашылығымен танысуға болады.

img_7133

Осылайша бір шараның барысында бірнеше ақпармен қанықтырған шығармашыл ұжымның жаңалықтарына қаныққан тамашалаушы ата-аналар мен қонақтар разы болысты.

А.САДЫКОВ
Суреттер автордікі

Мақат тынысы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Референдум

r

COVID-19 инфекциясы

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде
2018 жылдың 16 мамырында №17098-Г куәлігі берілген.

Атырау обл, Мақат кенті, С.Мұқашев к-сі, 36.
makat70@mail.ru 
8 (712)39 3 07 66

 

 

Яндекс.Метрика