Көше атауы әлі де өзгереді

(0 Votes)

Аудандық Қоғамдық кеңес отырысының кезекті жиыны өтті. Онда көше атауларын ретке келтіру мәселесі талқыланды.

Жиында кент әкімдіктерінде мәселеге орай атқарылған істер жөнінде баяндалды.

-Мақат кентінде күні бүгін 48 көше бар. Оның ішінде 17 көшенің бұрынғы атауларын сол күйінде қалдыруға  және сандық атаумен белгіленген көшелерге тарихи атаулар қою мәселелері бойынша қоғамдастық мүшелері арасында талқыланды. Оның ішінде оғаш атаулар жоқ. Сондықтан бұрынғы аталып жүрген көше атауларын қалдыра отырып, заңдастырылды.  Жалпы, бірқатар көшелер егемендігімізге сай атауларды иеленді. Енді тұрғындар арасында дау туғызып келетін QR коды бар тақтайшаларға келетін болсақ, барлығы 1526 жасалғанымен, 1031-ін орнатып, 495 тақтайша орнатылмай қалған. Бүгінгі күні мәселе түсінікті. Қаражат қарастырудамыз, -деді  кент әкімінің міндетін атқарушы Г.Назарова.

img_7226

-Доссор кентінде QR коды бар тақтайшалар аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің тапсырмасымен 27 көппәтерлі  және 1227 жеке үйге орналастырылды.  Енді біздегі мәселе былай: 1911 жылы салынған үйлер бар. Сол үйлерге бір ғана тақтайша ілінген де, енді оларды дара орнату проблемасы туындап тұр.

Бүгінгі күні 35 көшеге тарихи тұлғалардың есімін беруді комиссия мақұлдаған соң  заңды талаптарға сәйкес жұмыстар жүруде, -деді кент әкімінің орынбасары Г.Ерғожиева.

Мәселеге орай  аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы  Салтанат Кожағұлова есеп беріп өтті.

Кеңесте күн тәртібіне сәйкес қоғамдық кеңес төрағасы Ерғазы Жоламанов жылдық есебін жасады.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521