Жақында Алматы қаласында FOC жарыс алаңына 9 жыл толуына орай арифметиктер арасында Халықаралық олимпиада өтті.
Аталмыш олимпиадаға Қазақстан, Ресей, Дағыстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген 500-ге жуық жас арифметиктер өзара сынға түсті.
Халықаралық олимпиадаға ауданымыздың «Wunderkind» орталығынан 24 оқушы қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді. Атап айтқанда, Батырхан Қойбағар, Тимур Сисенбай, Данияр Орақбай, Ернар Смадияр, Айнаш Нұртайқызы жүлделі I орынды иеленді. Ал Мағди Айтжан, Абылай Бақтияр, Айсезім Тұрлыбай, Әдия Қайрат, Лұқманхакім Нұриахмет, Мұхаммед Жасұлан жүлделі II орынмен марапатталып, есепке жүйріктігімен танылды.
Сондай-ақ Айшат Ғабит, Жаншырай Қадыржанқызы, Қарақат Тасболатқызы, Нұрсезім Тасболатқызы, Даниял Серікқали, Диас Аманжол, Әмірхан Тобанияз, Ахмедияр Әлібек, Нұртілек Қуанғали, Әділхан Жеңіс III орынмен марапатталып, үздік үштіктен көріне білді.
Бұдан бөлек, «Wunderkind» орталығының ең алғашқы оқушысы Батырхан Қойбағар 3 таңбалы 4 қатарлы есепті 0.1 миллисекундта шығарып, рекорд орнатты.
Халықаралық олимпиадада ел мерейін үстем еткен шәкірттерінің таудай талабы мен өрелі жеңісіне «Wunderkind» орталығының басшысы, ұстазы Шынар Панабаева дән риза.
Ж.Нұрбегісқызы