Мақат ауданы әкімдігінің 2024 жылдың 20 қыркүйектегі №185 қаулысымен «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды.
«Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 1 қарашадағы №102 бұйрығымен Жұмағалиева Жанат Қайролдақызы «Мақат аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Жанат Қайролдақызы 1981 жылы 28 қазанда Атырау облысы Мақат ауданы, Мақат кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары.
2005 жыл- Атырау мұнай және газ институты “Инженер бағдарламашы”,
2014 жыл – Батыс Қазақстан Инновациялық-технологиялық университеті «Құқық және экономика негіздері» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2000-2009 жылдары Атырау облыстық Төтенше жағдайлар Департаменті баспасөз қызметінің бас маманы болып бастаған.
2011-2017 жылдары “Мақат ауданы әкімі аппараты” мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы;
10.04.2017-15.12.2017 жылдары «Мақат ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің басшысы;
2017-2019 жылдары «Мақат ауданы әкімі аппараты» ММ Азаматтық қорғау және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы;
2019-2020 жылдары «Мақат ауданы әкімі аппараты» ММ Кеңсе бөлімінің бас маманы;
2020-2022 жылдары «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММнің басшысы;
2022-2024 жылдары Атырау облыстық Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталығы» ММ-де маман;
2024 жылдың ақпан айынан қараша айына дейін Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» ММ-де сарапшы болып қызмет атқарған.
2024 жылдың 1 қарашасынан бастап N 102 бұйрығымен орталық директоры болып тағайындалды.
"МТ"