Үйірме – өнер бастауы

Үйірме – өнер бастауы
фото: автордікі
(0 Votes)

Аталған тақырыпта аудандық мәдениет үйінде үйірме оқушыларының есеп беру концерті өтті. Концертте аудандық мәдениет үйіндегі сан түрлі үйірмелерде өнерлерін шыңдап жүрген жас өнерпаздар қалың көрерменге жаңа қырынан танылды. 

Шара барысында алдымен аудандық мәдениет үйінің басшысы Кенжебике Тулебаева алғы сөз сөйлеп, үйірме жетекшілері Гүлбаршын Төленқызы, Айсара Шоқанқызы, Ерасыл Русланұлы, Ақылбек Асхатұлы, Асылбек Жұмабекұлы және Берік Амантайұлын алғыс хатпен марапаттады. Әрі қарай шара концерттік санмен жалғасты. Алдымен «Шаттық» үлгілі би ансамблі «Шуақ лебі» атты биімен концерт шымылдығын ашты. Одан әрі, жезтаңдай әнші Амандық Нұртас Н.Тілендиевтің «Алатау» туындысын және үйірме оқушыларынан жинақталған «Балалар» вокалды ансамблі Әбдірахман Асылбектің «Жаңа ғасыр» туындысын орындады.

Келесі кезекте драма үйірмесінің оқушысы Кәмшат Төлеген «Жалғыз ай» шығармасын оқып, дәстүрлі әнші Ақтан Керейұлының «Жайық деген жанды су» туындысын нақышына келтіре әуелетті.

Ж.Қамза

Толығырақ газетіміздің № 23 санынан оқи аласыз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521