Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды
фото: автордікі
(0 Votes)

 31 мамыр күні ауданда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алып, зұлмат жылдарда қаза тапқандарды аза тұту іс-шарасы өткізілді. 

Доссор кентіндегі қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткішке аудан ақсақалдары, саяси қуғын-сүргін құрбандарының туыстары мен жақындары және ауыл тұрғындары жиналды. Олар зобалаң жылдарда солақай саясаттың құрбаны болған азаматтарды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойды.

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне аудан әкімінің міндетін атқарушы Бекәділ Жайкин қатысып, алғы сөз сөйледі.

Одан кейін сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сабит Халенов бұл күнді адамзат баласына жасалған қасірет екенін атап өтті.

«Бұл күн нәубет күні. Қазақтың сүт бетіндегі қаймақтары атылды. Адамзат баласын аштыққа душар етті. Ата мен бала жетім қалды, жесір атанды. Қудалауға ұшырады. Ендігі кезде еліміз тыныш, егемендігіміз берік болсын»,- дейді аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Халенов.

Қазіргі таңда ауданда қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтары аз. Солардың бірі Татьяна Гейт. Ол отбасының тарихын баяндай келе, қиын-қыстау жылдарда бауырына басып қамқорлық көрсеткен қазақ халқына алғысын білдірді.

«Жыл сайын, біз 31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу үшін жиналамыз. Ата-анам нәубет жылдары осы мекенге тұрақтады. Сол кезде қазақ халқы мейірімділік көрсетіп, қонақжайлылық танытты. Бейбіт заманда, тыныштықта өмір сүрейік. Біз үшін сол басты байлық», - дейді Татьяна Гейт.

Шара соңында әкімдік тарапынан саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына естелік сыйлық табыс етілді.

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT