Тұрғындар тілегі тыңдалды

Тұрғындар тілегі тыңдалды
Суреттер автордікі
(0 Votes)

 Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов азаматтарды қабылдау орталығында аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштеріне құлақ түрді. 

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, кент әкімі және бөлім басшылары қатысты.

Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан тұрғын үй мәселесі, ескі столбаны ауыстыру, жұмыссыздық, «Зейін» орталығына әлеуметтік қолдау, бала-бақша кезегіне қою, «Дипломмен-ауылға» бағдарламасы бойынша үй кезегіне тұру, атаулы әлеуметтік көмек алу сынды бірқатар өтініштер тыңдалды.

Кездесу соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер заңда белгіленген тәртіп бойынша шешімін табатынын жеткізді.

Ботакөз Асхатқызы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT