Бүгін аудан халқының өмір сүру сапасын арттырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламамен жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 7 жаңа тұрғын үйдің кілті 14 отбасыға салтанатты түрде табысталды.
Салтанатты іс-шараға қатысқан аудан әкімі Азамат Мәмбетов баспана иелелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, ізгі-тілегін білдірді.
Сондай-ақ, баспанамен қамту - мемлекеттің әлеуметтік саясатының басты міндеттерінің бірі екендігін айтып, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
Аталған тұрғын үйлер жалғыз үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға берілді.
Ә.ҚАСЫМ