ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА

ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР ОҢ ШЕШІМІН ТАБУДА
фото: ашық дереккөз
(0 Votes)

 2024 жылдың 27 қыркүйек күні «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев ауданымызға арнайы іс-сапармен келгені естеріңізде болар.

Аталған кездесуде аудан әкімі Азамат Мәмбетов тұрғындардың кездесулерде теміржол саласы бойынша көтерген орталық деңгейде шешуді талап ететін бірқатар мәселелерді айтқан болатын.

Қазіргі таңда сол көтерілген мәселелер жан-жақты зерделеніп, оң шешімін табуда.

Атап айтқанда, «Қазақстан темір жолы» АҚ-нің мәліметіне сәйкес №29 және №30 «Атырау-Шымкент» бағытындағы жолаушалар пойызы 10 минут, «Шымкент-Атырау» бағытындағы жолаушылар пойызы 7 минутке Доссор стансасына аялдайтын болды.

Жалпы, бұған дейін аталған жолаушылар пойызы Доссор кентіне тоқтамаған болатын.

Қалған мәселелер кезең-кезеңімен оң шешімін табатын болады.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT