Ауданның 95 жылдығына орай аудан орталығындағы стадионда Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтті.
Кешті әуелі аудан әкімі Ш.Кейкин мерекелік құттықтау тілегін білдірді.
Мерекелік кешке Қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздары Қанат Үмбетов, Әлия Әбікен мен Хадиша Сейітова өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелік кешті Атырау облысынан келген өнерпаздардың аудан тарихынан сыр шертер композициялық қойылымымен бастау алып, аудан өнерпаздарының ән-шашуларымен жалғасын тапты.
Шара соңы мерекелік отшашумен аяқталды.
А.Таумұрынова