Ауданның құрылғанына 95 жыл толу құрметіне арналған мерекелік шаралар қатарында аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің ұйымдастыруымен қолөнер бұйымдарының көрме-жәрмеңкесі өтті.
Көрмеге ЖК «Хасанов», ЖК «Алданыш», ЖК «Рахметова», ЖК «Кожевникова», ЖК «Сабирова» сынды қолөнершілер қатысып, төл туындыларын тарту етті.
Қолөнершілердің төл туындылары халық арасында қызу сұранысқа ие болды.
![]()
![]()
Көрмеде табиғи жібек орамалдар, жеке қасықтар, тоқылған өнімдер, зергерлік бұйымдар, емдік шөптер, тері өнімдері, гүл безендірулері, «Баян» сауда маркасының пантоөнімдері, «Ханмұра» бренді, «Аңсаған» бренді ұлттық ою-өрнегі бар футболкалар, түйе тері бұйымдары халыққа арзан бағада саудалады.
-Бұл өз кезегінде тұрғындар арасында қолөнер бұйымдарын жасауға деген қызығушылығын оятып, төл туындыларды насихаттауға және халық арасында ұлттық бұйымдарға деген қызығушылықты арттырады. Кейінгі толқынның санасында сілкініс тудырады, - дейді аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы А.Шаңғалаев.
А.Таумұрынова
фото: автордікі



