Мақат станциясындағы Желілік полиция бөлімшесінің қызмет ету аймағында ағымдағы жылдың қазан айының 18-22 аралығында “Тоқтаңыз! Басып кету қауіпі бар!” атты акциясының 3 кезеңі өткізілуде.
Аталған акцияның негізгі мақсаты-азаматтардың құқықтық санасы мен мәдениетін арттыру, халықтың арасында тәртіпсіздікке және ұсақ құқық бұзушылыққа жол бермеу мақсатында және пойыздардың адам басып кету фактілерін алдын алу, балалардың теміржолдағы жүріс-тұрыс ережелерін ескерту болып табылады.
Сонымен қатар, Мақат ауданы бойынша үй жануарларын ұстайтын халық тұрғындарына мал-түлігінің темір жол бойында жайылып жүрмен қадағалауын сұраймыз. Өйткені теміржол маңы аса қауіпті аймақ болып саналады. Үй жануарының теміржол жолағында жайылуы, теміржол көлігінің қозғалысына арасаң кедергі келтіреді және күтпеген оқыс-оқиғаға әкеліп соғуы мүмкін.
Акция қарсаңында теміржол мекемелерімен бірлесе отырып халықпен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Мақат ст. ЖПб-нің бастығы
полиция аға лейтенанты
Е.С.Құлманов