Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов ауданның муай-тайдан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Еламан Саясатов пен Әбіл Галиевті және бапкері Мейрам Галиевті қабылдады.
Кездесу барысында аудан әкімі соңғы кезде еліміздегі аталған спорт түрі қарқынды дамып келе жатқанын айтып, ел намысын халықаралық деңгейде қорғаған жас спортшыларға алғысын білдірді.
Сонымен қатар кездесу барысында байрақты бәсекеде топ жарған спортшыларға аудан әкімінің арнайы алғыс хаты мен бір тұлпардың сертификаты табыс етілді.
Одан өзге ауданның спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін спортшылардың жаттықтырушысы Мейрам Галиев аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, иығына қазақы нақышта ою-өрнектермен көмкерілген шапан жабылды.
Ботакөз Асхатқызы