Жаңа жыл – әр адамның көңіліне қуаныш пен шаттық, жүрегіне сезім мен сенім, санасына ұшқыр қиял мен арман ұялататын ерекше мереке, жаңа өмірдің бастауы. Әсіресе, мектеп жасындағы балалар шыршаны айналып, ән айтып, би билеп, аяз ата мен ақша қардан сыйлық алатын атаулы мерекені асыға күтеді. Балалардың қуанышын қорқынышқа айналдырмау ең алдымен, оқу орнының басшысының, кейінгі кезекте сол мекеменің қызметкерлерінің жауапкершілігінде.
Мерекеге қатысушыларды өрттен қорғау, өртті болдырмау мақсатында төмендегідей талаптар міндетті түрде орындалуы қажет:
- мерекелік шараны кемінде екі көшіру жолымен қамтамасыз етілген, жобалау нормасының талаптарына жауап беретін, терезелерінде темір торлары жоқ ғимараттарда өткізу;
- шыршаларды бұтақтары қабырғалар мен төбеге тимейтіндей есепте мықтап бекітіп, орналастыру;
- бөлмеде электрлік жарықтандыру болмаған жағдайда іс-шараларды күндізгі уақытта өткізу;
- шырша иллюминациясы тек элетрқондырғылары құрылымдарының техникалық нормаларына сәйкес келуі қажет.
Шыршаға электр жарықтандыру торабын пайдаланғанда төмендету трансформаторы болмаса, онда тек тізбекті гирляндтарды пайдаланып, ондағы шамдардың кернеуі 12 В, қуаты 25 Вт аспауы тиіс; - иллюминацияда ақау кездескен жағдайда (сымдардың күюі, шамдардың жыпылықтауы, ұшқын шығу) дереу сөндіру;
- іс-шараларды өткізу кезінде залда, сахнада жауапты тұлғалардан, өртке қарсы құрылым мүшелерінен немесе өртке қарсы қызметінен кезекшілік ұйымдастыру ;
- іс-шаралар өткізілетін орынды жарамды алғашқы өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету;
Сондай-ақ төмендегі жағдайларға жол берілмейді: - доғалы прожекторларды, білтелер мен атқыштарды (хлопушкаларды) қолдануға, өрт тудыруы мүмкін от шашулар және басқа да өрт қауіпті жарық эффектілерін орнатуға, пайдалануға;
- шыршаларды целлулоидты ойыншықтармен, сондай-ақ, оттан қорғау құрамы сіңірілмеген дәкемен және мақтамен безендіруге;
- балаларды тез тұтанғыш материалдардан тігілген киіммен киіндіруге;
- отты және басқа да жарылу және өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізуге; - бөлме терезелерін қараңғылауға;
- қатарлар арасындағы өту жолының енін қысқартуға және өту жолдарында қосымша креслолар мен орындықтар қоюға;
- бөлмеде қойылым немесе көрсетілім жүріп жатырған кезде жарықты толықтай өшіруге;
- бөлмелерге белгіленген нормадан тыс адамдар кіргізуге.
Өрт болған кезде 101 немесе 112 нөміріне хабарлаңыз!
Аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі