АУДАНДА 24 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ

АУДАНДА 24 ОТБАСЫҒА БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
(0 Votes)

 Бүгін Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында аудан әкімі Азамат Мамбетов ауданның 100 жылдығына аясында Мақат және Доссор кенттеріндегі мемлекеттік бағдарламамен жергілікті бюджет есебінен сатып алынған 12 жаңа тұрғын үйдің кілтін 24 отбасыға салтанатты түрде табыс етті. 

Шарада аудан әкімі Азамат Саматұлы халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету - мемлекеттің басты міндеттері екендігін айтып, баспана иелерін қуаныштарымен құттықтады.

Жалпы, баспана кілті кезегі келген халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына, көпбалалы отбасылар мен жалғыз үйі ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтарға берілді.

Барлық тұрғын үй иелерін бүгінгі қуаныштарымен құттықтаймыз!

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT