Терроризм актісі туралы жалған хабарлама тарату қауіпті және ауыр қылмыс санаты болып табылады.
Сол себептен құқық қорғау және арнайы органдар терроризм актілерін анықтаумен және алдын алумен қатар, жалған террористермен де күрес жүргізуде.
Тәжірибе көрсеткендей, жалған террористер көбінесе салынған жарылғыш құралдар туралы жалған хабарлап, өздерінің жеке және қызметтік проблемалардың қысымымен жауапкершіліксіздікке бой алдырған тұлғалар.
Бірақ олар өздерінің әрекеті үшін қылмыстық жауапкершіліктің қатал екендігін сезінбейді.
Осы әрекет үшін қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан басталып, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Бұдан басқа, арнайы қызметтердің мұндай жалған шақыруларға жұмсалған бүкіл қаржысын, сондай-ақ, кәсіпорындар мен ұйымдардын тоқтап қалуына әкеліп соққан жағдайда келтірілген шығынды орнына қайтару жауапкершілігі кінәлі тұлғаға толықтай жүктеледі.
Терроризм актілері туралы біле тұра жалған хабарламалар жасағаны үшін жазадан құтылмайтындығын прокуратура органдары ескертеді.
Қазіргі заманауи технологиялардың ерекше дамыған уақытында терроризм актісі туралы жалған хабар берген адамды анықтау, осыған ұқсас қылмыстарды ашу құқық қорғау және арнайы органдар үшін ешқандай қиындық тудырмайды.
Осыған орай, азаматтарды аталған қылмыстан немесе осындай қылмыстық әрекеттерге итермелеушілерден аулақ болуды шақырамыз!
Мақат ауданының прокуратурасы