Мақаттың үздіктері кімдер?

(0 Votes)
Фото: аудандық мәдениет үйінің фб парақшасынан алынды

Уақыттың өткені білінбейді. Тағы бір жыл тарих қойнауына кетті. Жаңа жылдың есігін ашпас бұрын, әрине өткен жылдағы атқарған қызметіміз бен бағындырған биігімізді ой елегінен өткізбеу мүмкін емес. Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында үздіктерді анықтау үрдісі қалыптасқан. Мұны жергілікті атқарушы билік өзіндік критерийге байланысты таңдайды. Жыл қорытындысын жасап, өткенге көз тастау жаңа жылда өмірдің бағдаршамы секілді дұрыс бағыт көрсететінін ескерсек, жағымды жайтты санада жаңғыртып, жақсы адамдардың мерейін асыру – міндет.

Осы орайда жыл қорытындысына сәйкес аудандық мәдениет үйінде «Жыл үздігі – 2022» үздіктерді марапаттау шарасы өтті. Алғашқы сөзді алған аудан әкімі Ринат Ибрагимов шара қатысушыларын Жаңа жылмен құттықтап, жыл көлемінде атқарылған істерге шолу жасады.

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_53_21

Жиында 12 сала бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өзіндік үлесін қосып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтар құрмет төрінен көрінді.

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_54_06

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_55_17

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_55_23

Атап айтсақ, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы С.Сарбалиева «Үздік мемлекеттік қызметкер», аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысы Г.Өтешова және Мақат кентінің әкімі Е.Ермағамбетов номинат, аудан прокурорының орынбасары А.Айтқалиев «Үздік құқық қорғау саласының қызметкері», аудандық полиция бөлімінің штаб аға инспекторы, полиция капитаны А.Отарова және Мақат стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің патрульдік полиция тобының полицейі А.Есимов номинат, Мақат Желілік өндірістік басқармасының электромонтері С.Қамысбаев «Үздік өндірістік сала қызметкері», «Алтиес Петролеум» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің кәсіпшілік бастығы Д.Қалиев және Мақат стансасының аға вагондар қозғалысының жылдамдығын реттеушісі Б.Есеналиев номинат атанды.

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_56_41

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_59_00-1

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_00_14

Сондай-ақ Б.Қанатбаев атындағы орта мектебінің мұғалімі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің Ж.Даулетбаева «Үздік білім беру саласының қызметкері», Л.Шахатов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Қ.Көбейсінова және Х.Санбаев атындағы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі А.Жалғасбаева номинат, Облыстық фтизиопульмонология орталығының Өкпе терапия бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Ш.Жұманалиева «Үздік медицина саласының қызметкері», аудандық аурухананың жалпы тәжірибелі дәрігер, невропатологы Қ.Тағанова және Ұлттық сараптама орталығы аудандық бөлімшесінің басшысы Г.Ердібаева номинат, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының жетекші маманы Г.Тағабергенова «Үздік халыққа қызмет көрсетуші қызметкер», «Қазақтелеком» АҚ Мақат желілік техникалық учаскесінің электромеханигі Н.Бисембай және «Қазпошта» Мақат почта байланыс бөлімшесінің сұрыптаушысы Г.Қонақбаева номинат қатарынан табылды.

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_00_38

Ал «AQIQAT» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғ.Ғабдуллин «Үздік қоғамдық бірлестік» атанса, «Айналайын баладан» қоғамдық қорының төрайымы Э.Мусина номинат иегері болды.

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_01_25

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_02_35

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_03_31

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_03_47

Сонымен қатар Мақат балалар спорт мектебінің директоры Ә.Жүгінісов «Үздік спорт саласының қызметкері», Доссор балалар жасөспірімдер спорт мектебінің муайтай жаттықтырушысы Н.Ордабаев және Мақат балалар жасөспірімдер даярлық клубының дзюдо жаттықтырушысы А.Қапсалимов номинат, аудандық №8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы С.Қосшығалиев «Үздік құтқару саласының қызметкері»,  Мақат Желілік өндірістік басқармасы өрт сөндіру бекетінің басшысы Е.Жетпісалиев, «Senim Guard» ЖШС филиалының күзет бастығы Д.Ескендіров номинат, Доссор мәдениет үйінің әдістемешісі Д.Еримов «Үздік мәдениет саласының қызметкері», аудандық орталық кітапхананың құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі З.Ибраймова және аудандық мәдениет үйінің әдістемешісі Н.Сарбасов номинат, «Атырау Су Арнасы» мекемесі аудандық бөлімшесінің машинисті Ж.Сықитов «Үздік коммуналдық сала қызметкері», «Атырау Жарық» АҚ аудандық бөлімшесінің электр жүйесінің шебері А.Қожабергенов, «ҚазТрансГаз» АҚ аудандық бөлімшесінің газ тарату шаруашылығының аға шебері А.Қосшығалиев номинат иеленді.

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_04_02

Жас жеке кәсіпкер Е.Табылдыұлы «Үздік кәсіпкер» атанса, жеке кәсіпкерлер Қ.Тасымов және З.Жиеналиева номинаттар қатарынан табылды.

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_56_49-1

 Кеш барысында аудан әкімі Р.Хисаұлы өңіріміздің дамуына ерекше қызмет етіп, елге еңбегімен танылған ҚР «Білім беру ісінің үздігі», күйші-сазгер Естай Ғинаятұлына «Ауданның құрметті азаматы» атағын табыстады.

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_57_32

Сондай-ақ «Белсенді әлеуметтік сала қызметкері» номинациясымен әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қызметкері А.Құрманғазиева, «Белсенді бұқаралық ақпарат қызметкері» номинациясымен «Мaqat tynysy» газетінің көлік жүргізушісі Е.Мақтанов, «Белсенді кәсіпкер» номинациясымен С.Сүлейменова марапатталды.

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_57_55

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_01_25-1

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_04_40

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_01_34

whatsapp-image-2022-12-23-at-20_04_55

whatsapp-image-2022-12-23-at-19_57_57

Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен жалғасып, жергілікті өнерпаздар кеш қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады. Атап айтсақ, домбырамен Жасұлан Базарбай «Ақерке» әнін әуелетсе, Ерасыл Мұсаев сыбызғымен «Үш қоңыр» шығармасын орындады. Қобызда ойнаған Айзада Хабибуллаева «Бипыл» туындысын орындаса, Ернар Бекболат және Ерасыл Мұсаев күйтартыс шертті. «Шаттық» үлгілі би тобы мерекелік «Бұғылар» биін  мың бұрала билесе, Думан Құрмашов «Кішкентай қыз», Ақболат Отаубаев «Әлия», Данияр Еримов «Ша-ла-ла» және «Қазақтың ұлымын» әндерін шырқады.

   М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521