Теміржолшылар ардагерлерін ұмыт қалдырмады

(0 Votes)

Тоғыз жолдың торабында орналасқан мақаттықтар үшін  темір жол саласы зор маңызға ие. Аталмыш салада сан жылдар тер төккен алдыңғы буын ардагерлеріміздің қадірі қашан да жоғары. Ел көлемінде аталып өткен қарттар күнінде теміржолшы қарияларымыз да елеусіз қалмады.

Мақат локомотив пайдалану депосының ардагерлер кеңесінің төрағасы, депо бастығы және кәсіподақ комитетінің төрағасы депода көп жылдар қызмет еткен бір топ зейнеткерлерді айтулы мерекемен құттықтады.

whatsapp-image-2020-10-07-at-09_56_42

Ізбасар інілеріне жөн сілтеп отыратын ақсақалдарымызға құттықтап келушілер  құр алақан келмей, құттықтау хат пен естелік сыйлықтар табыс етті.

whatsapp-image-2020-10-07-at-09_18_09

Зейнетін көрген шағында әріптесінен  еленіп жатқан қариялар да көңілі бір сергіп қалды.  Сонымен қатар мереке қарсаңында 60, 70, 80 жасқа шығып жатқан  бір топ зейнеткер аға-апаларымызды  мерейтойларымен құттықтады.


Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521