Аудан әкімдігі ғимаратының кіші мәжіліс залында өткен жиында аудан әкімі Шәкір Кейкиннің 2020 жылғы 7 қазандағы №212-ө өкімі таныстырылды. Онда Болатбек Сәрсен Амандықұлы аудан әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Ш.Кейкин бұған дейін аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы болып келген жаңа басшыны қызметіне сәттілік тіледі.
Жиынға аудандағы сала басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.
Жаңа қызметке тағайындалған Болатбек Амандықұлы артылған сенімді абыроймен атқаруға сенім білдірді.
Сәрсен Болатбек Амандықұлы 1983 жылы Мақат кентінде дүниеге келген. Білімі - жоғары.
2006 жылы Алматы қаласындағы Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ Машинақұрылыс институтын инженер-систематехник мамандығы, 2018 жылы Батыс Қазақстан инновациялық- технологиялық университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Алғашқы еңбек жолын 2006 жылы Мақат кентіндегі «ЛТД Энергетик» ЖШС-де 2 дәрежелі инженер-жобалаушы болып бастаған.
Серіктестікте 2014 жылға дейін жобалау сметалық бөлімнің бастығы, өндірістік техникалық бөлімнің бастығы, ЖШС-нің директоры лауазымын атқарды.
2014 - 2020 жылдары Мақат кентінің әкімі, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы қызметтерін атқарып келді.
Отбасылы.
"МТ"