Іріктеуге қатысқандар елеусіз қалмады

(0 Votes)

Елімізде тұңғыш рет «Nur Otan» партиясысының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тамыз айының 17-сі мен қазан айының 3-і аралығында партияішілік сайлау өткен болатын.

Праймериздің басты мақсаты - ел мұратын көздейтін көшбасшыларды анықтап, ұтымды ұсыныстарды ұтқырлықпен іс жүзіне асыратын тұлғаларға жол ашу болды.

Саяси додада ауданнан 44 үміткер бақ сынады. Оларды қолдау үшін төрт дауыс беру орны дайындалды. Сайлау учаскелеріне интернет желісі қосылып, сақтық шаралары қатаң сақталды.

Өңірде 1867 «Nur Otan» партиясының мүшесі болса, дауыс беруге оның 1857-сі қатысқан. Осылайша алғашқы күннен-ақ жүйелі ұйымдастырылған дауыс беру науқанының нәтижесі 99%-ға орындалды.

Сайлау науқанының аяқталуына орай «Nur Otan» партиясы Мақат аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Шәкір Кейкін 6 қазан күні аудандық мәдениет үйінде праймеризге қатысушы кандидаттармен кездесу өткізді.

«Ең алғаш партиялық ішкі сайлау 1842 жылы АҚШ-та өтті. 1901 жылы Флорида штаты тұңғыш праймериз өткізіп, сол жылы бұл ұғым заңды түрде қабылданды. Міне, аталған праймериз деген жаңа ұғым қазақ еліне енді. Әрқашан жаңашылдықтың, алға жетелеу мен жауапкершілікті арқалаған партиямыз бұл жолы да өзінің көшбасшылық қасиетін көрсетті. Тұңғыш рет елімізде өткен праймериз өзінің ашық, әрі әділ өткенін дәлелдеді.

praimeriz-1

Аудан бойынша праймеризге қатысуға 44 партия мүшесі өтініш білдіріп, барлығы белсенді қатысты. Үміткерлер арасында жаңа есімдер пайда болды »,- деді аудан әкімі.

Шара барысында праймеризге қатысқан 44 үміткерге облыстық партия филиалы төрағасы, облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтен жеткен арнайы Алғыс хат табысталды.

Сондай-ақ, саяси дода барысында белсенділік танытқан бастауыш партия ұйымының мүшелері аудан әкімінің алғысын алды.

Міне, әне-міне дегенше праймериз де өз мәресіне жетті. Енді саяси додаға түскендер демін ішіне тартып, әліптің артын бағып отыр. 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Cуреттер автордан

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT