Аудандық “Мақат балалар өнер мектебі” биылғы жылғы “World clean ap day“ атты дүниежүзілік тазалық акциясына қатысты.
Аталмыш “WORLD CLEAN UP DAY” акциясы - еліміз үшін стратегиялық маңызды зор бастама. Бұл іс-шара тек қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол азаматтардың ой-санасын өзгертуге, табиғатпен үйлесімде өмір сүруге үйрететін құнды мектеп.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған бұл акция әрбір қазақстандықтың бойында отансүйгіштік сезімді, тазалыққа деген мәдениетті қалыптастырады.
Асқар Дюсенов
Директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары