Отандық өндіріс - ел болшағы

Отандық өндіріс - ел болшағы
фото: https://www.gov.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді стратегиялық міндет ретінде атап өтті. Бұл – елдің экономикалық тәуелсіздігі мен ұлттық қауіпсіздігінің негізі.

Бүгінде Қазақстан бірқатар маңызды өнім бойынша импортқа тәуелді. Геосаяси тұрақсыздық пен логистикалық қиындықтар бұл тәуелділіктің қауіпті екенін көрсетті. Бағаның өсуі мен тапшылық қаупі – осының дәлелі.

Осыған орай Президент Үкіметке ауыл шаруашылығын дамыту, фермерлерді қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және жаңа технологияларды енгізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, өнімді өңдеу мен тасымалдау тізбегін күшейту қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл тек экономикалық емес, әлеуметтік және ұлттық маңызы бар мәселе. Сондықтан отандық өндірісті қолдау – ел болашағына салынған сенімді негіз.

 

Г.Атабаева,

Аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің басшысы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT