Жасанды интеллект – жаңа Қазақстанның кепілі

Жасанды интеллект – жаңа Қазақстанның кепілі
фото: https://z-taraz.kz
(0 Votes)

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауы – мазмұны терең, бағыты айқын, ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын стратегиялық құжат. Бұл Жолдау цифрлық дәуірдің сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстанның болашақ даму бағытын нақты айқындап берді.

Биылғы Жолдауда басымдық – цифрландыру мен жасанды интеллектіні кеңінен енгізуге берілгені тегін емес. Өйткені қазіргі таңда кез келген саланың тиімділігі мен ашықтығы осы технологияларға тікелей байланысты. ЖИ мен цифрлық шешімдер арқылы көлеңкелі экономикамен күресіп, бюрократияны азайтуға, жемқорлықтың алдын алуға және процестерді автоматтандыру арқылы халықтың уақытын үнемдеуге жол ашылады.

Президент Жолдауының тақырыбынан-ақ еліміздің әлемдік үдерістерден тыс қалмай, озық елдермен бірге қадам басуға ниетті екені көрінеді. Жасанды интеллект дәуірі 2010 жылдан бері әлемді түбегейлі өзгертіп келеді. Ал Қазақстан бұл бәсекеде өз орнын алуға, тіпті көшбасшылыққа ұмтылуға дайын екенін айқын көрсетті.

 

Ш.Ищанғалиев,

ардагер

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT