Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аппараттық мәжіліс отырысы өтті.
Аудан әкімі Азамат Мәмбетов төрағалық еткен жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудан әкімінің кеңесшісі, “Amanat” партиясы аудандық филиалының төрағасы, кент және округ әкімдері, аудандық полиция, ауданға қарасты мекеме және дербес бөлім басшылары қатысты.
Аталған жиында жалпыұлттық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясының орындалысы және алдағы жоспарлар тыңдалды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Темірбек Іңірбай баяндап, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиын соңында аудан әкімі Азамат Саматұлы бөлім басшыларына аудан көлемінде тұрақты түрде сенбіліктер өткізу, рейд жұмыстарын ұйымдастыру, тазалықты сақтау, ескі ғимараттарды сүру жұмыстарын уақытылы орындауды тапсырды.
Ботакөз Асхатқызы