Рамазан – мейірімділік айы. Ізгі амалдарды молынан жасап, сауапқа ұмтылатын ай. Осындай берекелі айда ауданда мұқтаждарға қамқорлық таныту мақсатында қайырымдылық шаралары көптеп ұйымдастырылып келеді.
Осыған орай жақында аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен аз қамтылған және көпбалалы 20 отбасыға азық-түлік таратылды.
Мұндағы басты мақсат – тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға көмек көмектесу, олардың мерейін үстем ету болып табылды.
Өз кезегінде аталған отбасылар қайырымдылық акциясын ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Ә.ҚАСЫМ