Таза Қазақстан – таза аймақ

Таза Қазақстан – таза аймақ
фото: inbusiness.kz
(0 Votes)

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар салаларға тоқталып өткен болатын.

Соның ішінде Президент өзінің тікелей бастамасымен іске асып жатқан – «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын өткізудің мән-маңызына ерекше тоқталып өтті.

Таза Қазақстан - ластанған аумақтарды қалдықтардан тазартуға, экологиялық ағарту жұмыстарын жүргізуге және тұрғындардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған акция. Аз уақыттың ішінде экологиялық акция еліміздің түкпір-түкпірінде кең етек жайды.

Бүгінде таза Қазақстан республикалық акциясы еліміздің барлық аймағында жалғасын тауып, жалпыхалықтық эко-челленджге айналды.

Өлкемізде де жалпы ұлттық экологиялық акцияны өткізу арқылы табиғат анаға деген шексіз махаббат пен қоқыс тастау мәдениеті қалыптасты десек артық айтпаймыз.

Бүгінде ауданда жастармен қатар, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің де экологиялық акцияға қатысу белсенділігі күн санап артып, өздеріне тиісті аймақтарды қоқыс қалдығынан тазартуда.

Қазақтың «атадан мал қалғанша тал қалсын» - деген аталы сөзі аталмыш акциямен үндесіп жатқандай. Алдағы уақытта тек ресми түрде ғана өткізілмей, үздіксіз түрде өткізілсе нұр үстіне болар еді. Өйткені туған жерді аялап, күтіп ұстау өзіміздің қолымызда!

Сәбит Халенов,

аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT