АУДАНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІНЕН ЖАРЫС ӨТТІ

(0 Votes)

Бүгін Бәйгетөбе ауылдық округінің жаңа бәйге алаңында Мақат ауданы әкімдігінің қолдауымен және аудандық “Алаш” ұлттық ат федерациясының ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен аудандық жабық біріншілік өтті.

 Дүбірлі алаңда тай жарыс және құнан жарыстан бәйгелер ұйымдастырылды.

Алдымен шараның ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин сөз сөйлеп, ұлттық ойынға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Әрмен қарай тай жарысы басталып, сәйгүліктердің бағы мен бабы қатар сыналды.

Тай бәйгесі 5 шақырым, 2 айналымды қамтыды. Аталмыш бәйгеге 10 шабандоз қатысып, тартысты ойын көрсетті.

Нәтижесінде тай жарыстан алғаш болып мақаттық “Бақкелді” сәйгүлігін тізгіндеген шабандоз Диас Ғарифолла келіп, I орынды қанжығасына байлады.

Ал жүлделі II орынды доссорлық “Қозы күрең” сәйгүлігін тізгіндеген шабандоз Ақжол Лес, III орынды мақаттық “Құла” сәйгүлігін тізгіндеген шабандоз Алмас Думан иеленді. Ал, құнан жарыстың нәтижесінде бірінші мақаттық Ақжол Айшуақов “Король” сәйгүлігімен, екінші мақаттық Диас Ғарифолла “Зымыран” атты тұлпармен, үшінші бәйгетөбелік Нұржан Сержан “Лексус” тұлпарымен мәре сызығын кесіп өтті.

Жеңімпаздарға аудан әкімінің арнайы дипломдар, кубоктары мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Ж.Қамза

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521