Бүгін аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудандағы “Бейбітшілік” көшесінде орналасқан 60 пәтерлік тұрғын үйдің тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, бірқатар ұсыныстар айтылды.
Атап айтқанда, жылу жүйесі, мұржа, балкон қаптау жұмыстары және қоқыс, жол, аялдама салу секілді мәселелер қозғалды.
Айтылған талап-тілектерден кейін, аудан әкімі Азамат Саматұлы барлығы заң аясында кезеңімен шешілетіндігін айтып, мәселелер өз бақылауында болатындығын жеткізді.
Ә.ҚАСЫМ