“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ

“ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ
(0 Votes)

Жексенбі күні “Таза Қазақстан” акциясы аясында аудан әкімі Азамат Мәмбетов аудан орталықтарын қоқыстардан тазартып, тазалық шарасына белсене атсалысты. 

Тазалық жұмыстарын жүргізуге аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімі аппаратының басшысы, Мақат кентінің әкімі аппараты, #2 бастауыш мектебінің ұжымы және ауданның белсенді азаматтары қатысты.

Акция барысында М.Баймұханов орта мектебінің айналасы мен “Алаш” көшесі қоқыстардан тазартылды.

Аудан әкімі Азамат Саматұлы акция аясында аудан тазалығына атсалысу баршаның ортақ міндеті екендігін айтып, айналаны таза ұстауға шақырды.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521