“МҰНАЙЛЫ ЕЛІМ - КИЕЛІ ЖЕРІМ”

(0 Votes)

  Орталық алаңда Мақат ауданының 100 жылдығына арналған “Мұнайлы елім - киелі жерім” атты мекеме аралық өнер фестивалінің қорытынды концерті өтті.

Алдымен жиналған көпшілік өнерпаздардың концерттік бағдарламасын тамашалады.

Шара соңында әділ қазы алқалары бір айға созылған фестивальде өнер көрсеткен барлық мекемелерді арнайы номинациямен марапаттап, ақшалай сертификаттар табыс етті.

Одан әрі аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, мекеме ұжымдарына өз алғысын білдірді.

Сондай-ақ, жеңімпаз мекемелерге қаржылай сертификаттар табыстап, арнайы дипломдармен марапаттады.

100 жылдық аясында өткен фестивальдің нәтижесінде “Мақат локомотив пайдалану депосы” Бас жүлдеге ие болып, фестиваль жеңімпазы атанды.

Ал, І орынды “Мақат білім беру ұйымдары”, ІІ орынды “Мақат желілік өндірістік басқармасы”, ІІІ орынды “Доссормұнайгаз” өндіру басқармасы жеңіп алды.

Сонымен қатар, аудан әкімінің арнайы жүлдесімен “Доссор білім беру ұйымдары” мен “Аудандық орталық аурухана” мекемесі марапатталды.

Ә.Қасым

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521