«Тәртіпке бағынған құл болмайды»

(0 Votes)

Әлемді жайлаған індет елімізден де айналып өтпей, біраз әбігерге салды. Себебі, экономикамызға да әсері бар бұл кезеңде көптеген кәсіпорындар жұмысы тоқтап, халықтың да екі айдан бері төтенше жағдай режимінде болуы қиындықтар туғызып отыр. Десек те, даму бағытындағы еліміз бұл қиындықты да бірлесіп жеңу мақсатында Президентіміздің басшылығымен дағдарыстарға жол бермеу мүмкіншіліктерін қарастырды. Мемлекет тарапынан халықты әлеуметтік қолдау шараларын жүзеге асыра отырып, санитарлық талаптарды күшейту, індеттен сақтану мақсатында үйден шықпай ұйымдастыратын онлайн байланыстар жүйеге келтірілді.

Бұл кезеңде әрине, аудан тұрғындары да бір кісідей жұмылып, тәртіпке бағыну нәтижесінде қауіпті індеттен аулақ болды деп есептеймін. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген бар, осылай ұйымшылдық танытсақ, әрдайым қиындықтың алдын алатынымыз анық.

1

Індеттің еліміз бойынша әсері әрдайым назарда ұсталынады. Өкінішке орай, төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, әлі де болса толықтай жойылып кеткен жоқ. Ел Президенті Қ.Тоқаев 11 майдағы мәлімдемесінде пандемияның халық денсаулығына қауіптілігін ескеріп, карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына байланысты біртіндеп алынатынын ескертті.

Қазіргі таңда көптеген саланың жұмысы қалпына келтіріле бастады. Осыған орай, облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің  2020 жылғы 10 мамырдағы №44 қаулысына сәйкес, ауданымызда да 2020 жылдың 25 мамырына дейін бірқатар шараларға шектеулер енгізіп, төмендегідей талаптарға рұхсат етілетін болады.

1) Азаматтардың қозғалысы жеке қызметтік және қоғамдық көлікте тек жұмыс орнына баруына, жақын орналасқан азық-түлік, дәрі-дәрмек, бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып алуға, шұғыл көрсеткіштер бойынша медициналық көмекке жүгінуіне;

21

2) 1,5-2 метрден аспайтын әлеуметтік қашықтықты (санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды) сақтай отырып,  маска тағу міндеттемесімен таңертеңгі сағат 07:00-ден 10:00-ге дейін және сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін (3 адамнан аспайтын топта немесе отбасының бір мүшесімен)  тұрғылықты аймақтан шығуға;

3) шаштараздар мен сұлулық салондары, тіс емханалары жұмысын(тағайындау бойынша) келушілерді медициналық маскі арқылы қабылдау;

3

4)халыққа қызмет көрсететін: тігін шеберханасы, аяқ киім шеберханасы, тұрмыстық техника жөндеу шеберханасы, микроқаржы ұйымдары, нотариус, ломбард нысандарына қатаң санитарлық-эпидемиологиялық талаптарын сақтай отырып, адамдардың көп шоғырлануына және ұзақ мерзімде жиналып тұруына жол бермеу арқылы қызмет көрсету.

Осы қаулы аясында төмендегідей шаралар бойынша тыйым салынады:

1) аудан тұрғындарына облыстар, аудандар және Атырау қаласы арасында жүруге тыйым салынады;

2) кәмелетке толмағандардың ата-анасыз жүруіне тыйым салынады;

3)үйден шыққан кезде маска тағып жүру, бір реттік қолғаптармен антисептиктердің болуы талаптары сақталсын;

4) жеке басын куәландыратын құжаттарсыз үйден шығуға тыйым салынады;

5)  500 шаршы метрге дейінгі азық-түлік емес дүкендер санитарлық-дезинфекциялық режимді қатаң сақтау тәртібімен.

Төтенше жағдай кезінде аудан тұрғындарының ауызбіршілігінің арқасында көптеген қайырымдылық шаралар жүзеге асты. Өнер челендждері, эстафеталар ұйымдастырылып, ұйымшылдық танытқан ұжым еңбеккерлері де өркениетті қоғамның бірлігін көрсете білді.

Алдағы уақытта да сын сағатта әрдайым бірге болып, тәртіпке бағына білсек, бұл індетті де түбегейлі жеңіп, бұрынғыша жарқын өмірге қадам басатынымызға сенім білдіремін.

О.Айкашева,

аудан әкімінің орынбасары

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT