Бүгін Доссор мәдениет үйінде 23-маусым Қазақстан Республикасының Полиция күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Шара шымылдығы алдымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.
Одан әрі аудан әкімі Азамат Мәмбетов құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар ішкі істер органы қызметкерлері мен сала ардагерлерін облыстық мәслихат төрағасының және аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.
Құттықтаулар легін одан әрі аудандық Полиция бөлімінің бастығы Талғат Амерханов жалғап, қоғамдық тәртіптің сақталуы жолында аянбай тер төгіп жүрген бірқатар тәртіп сақшыларына құттықтау алғыс хатын табыс етті.
Салтанатты шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен қорытындыланды.
Ботакөз Асхатқызы
Суреттер автордікі