РЕДАКЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

РЕДАКЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
(0 Votes)

Бүгін Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық басылымымызды Мақат кентінің әкімі Болатбек Сәрсен мен ұжымы арнайы құттықтап келді.

Кент әкімі Болатбек Амандықұлы өз сөзінде “Мақат тынысы” газеті жұмысының арқасында аудан тұрғындары әлеуметтік, саяси, экономикалық және мәдени өмірдегі соңғы оқиғалардан хабардар болып, пайдалы ақпарат алатындығын айтып, құттықтау тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, ұжымға шығармашылық табыс тілеп, арнайы құттықтау хаты мен гүл шоқтарын табыс етті.

Өз кезегінде “Мақат тынысы” газетінің бас редакторы Ержан Ізниұлы мен редакция қызметкерлері Мақат кенті әкімдігіне ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.

Ә.ҚАСЫМ

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT