Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов кәріздік тазарту бекеті құрылысының жұмыс барысымен танысты.
Атырау қаласының сол жақ бөлігіндегі кəріздік тазарту бекеті құрылысының жұмыс барысы жыл соңына дейін аяқталып, 2021 жылдың І жарты жылдығында іске қосылады.
Сонымен қатар, тексеріс барысында Қайрат Бекенов құрылыс жұмысын бақылауға алу жөнінде құзіретті мекемелерге тапсырма берді.