Түйткілді сауалға-нақты жауап

(0 Votes)

Аудан басшысы Жұмабай Қарағаев Instagram және facebook желілері арқылы аудан тұрғындарымен тікелей байланысқа шықты.

Басшы бір сағат бойы әлеуметтен келіп түскен сұрақтарға жауап берді. Халықтың көкейіндегісіне құлақ түрді. Билікпен тікелей тілдестірген мүмкіндікті халық қаншалықты пайдасына жарата алды, қандай маңызды мәселелерді қозғай білді? Аудан тұрғындары аудан басшысына көкейдегі сауалдарын аталмыш желілер арқылы жолдап, бас-аяғы 50-ге жуық сауал түсті. Оның бірқатары тұрғын үй-коммуналдық салаға тиесілі. Оның ішінде көше жолдары мен ауладағы ойын алаңдары. Жетпейтін қоқыс контейнерлері. Бұл салаға қатысты сауалдар, әсіресе, Мақат пен Доссор кенттерінің тұрғындары тарапынан болды. Қалғаны жалпы әлеуметтік салаға бағытталды.

Тікелей эфирдің түндігі түрілген соң, тұрғындардан келген сауалдар қойыла бастады. Тұрғындардан сауалдардың қатарында баспанаға қатыстылары болды. Әрине, үй мәселесі кешелі бері пайда болған жоқ. Баспананың кезегін сарыла күткен тұрғындар салынып жатқан құрылыстың біту мерзімін де білгісі келді.

Биыл жөнделетін кентішілік жолдар, орнатылатын балалар алаңы, көгалдандыру жұмыстары мен ауданда жүргізіліп жатқан құрылыстардың аяқталу мерзімі, мемлекеттік қызметке тұру, көлік қатынасы, жол белгілерін орнату, міне, аудан басшысы бір сағат көлемінде осы тақырыптағы сұрақтарға жауап берді. Әрине, бір сағат бар сұрақтың жауабын тауып, түйінін тарқатуға аздық ететіні сөзсіз.Дегенмен, сауалдар жауапсыз қалмады.

Аудан әкімі Жұмабай Қарағаевтың өнер мен мәдениетке ерекше көңіл бөліп, оның жақсара түсуіне мұрындық болып жүргенін, көгалдандыруды мықтап қолға алғанын, әлеуметтік мәселелерді көтеріп барғанда, дереу шешімін тауып, разы етіп қайтарғанын айтушылар да эфир соңына дейін толастамады.

Түйін

Тікелей эфир тәмамдалды. Барлық сауалдарды аудан әкімі сараптап, тиісті жауабы берілетінін жеткізді. Күнделікті Telegram чат арқылы да желі пайдаланушылары билік басындағы азаматтарға өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, тиісті жауаптарын алуда.

Г.САЛИКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521